Биыл Шымкент қаласында түрлі салаларда 385 инвестициялық жоба іске асады, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Оларға тартылатын инвестиция құны 400,8 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы қала әкімінің алдындағы есепті кездесуінде қәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков мәлім етті.
Оның айтуынша, жобалардың 212-і мемлекеттік жобалар болса, жаңғыртылатын ірі кәсіпорындар бойынша 10 жоба, өнеркәсіп саласында 24 жоба, «Shymkent» ӘКК» АҚ арқылы 59 жоба іске асырылса, білім саласында 13, ал 58 жоба коммерциялық тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық саласында жобалар бар.
Сонымен қатар, басқарма басшысы 2021-2025 жылдар аралығында жалпы құны 2,5 трлн. теңгені құрайтын 211 инвестициялық жоба іске асырылып, 14 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлім етті. Оның ішінде, 2021 жылы жалпы құны 155 млрд. теңгені құрайтын 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 47 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып жатқанын айтты.