Шымкентте 40 жекеменшік мектеп салынады

Шымкентте 40 жекеменшік мектеп салынады

Шымкентте үшауысым мектептің мәселесін шешу үшін 5 жылдық жоспар бекітілген. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін қала 85 мектеп салынады. Оның ішінде 40 мектеп жеке инвестор есебінен салу көзделген, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов инвестор есебінен салынып жатқан жекеменшік мектептердің құрылысымен танысты.

Дендросаябақ жанында салынып жатқан 450 орындық және Арғынбеков көшесіндегі 1000 балаға арналған жекеменшік білі мекемесін көрді.

Қала әкімі жүргізіліп жатқан әрбір құрылыстың сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты екенін айтып, қатаң бақылауға алуды ескертті.