Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» аясында мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Салтанатты жиында 11 сыныпты бітірген үздік түлектерге «Алтын белгі» табысталды.
Биыл шаһарда 9 973 түлек 11 сыныпты бітірген. 491 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 437-і «Үздік аттестат» иеленді.
Мектеп директорлары мен ұстаздары түлектерді қуанышты күндерімен құттықтап, алдағы өмірлеріне сәт- сапар тіледі.
Айт кетсек, іс-шара санитарлық талапқа сай, мектеп аумағында өткізілді.