Солардың бірі «Асар-2» шағынауданында су құбыры тартылып, тиісті жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мәлімдеді.
Су құбыры нысаны 2020 жылдың мамыр айында басталды. Құрылыс ұзақтығы 9 ай мерзімде аяқталады деп жоспарлануда. Тартылатын су құбырының ұзындығы 156,1 км.
Аталған жұмыстар бойынша бас мердігер «Сарыағаш Аман» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі, ал техникалық қадағалаушы «Арх Строй Сервис-А» ЖШС болса, жобалаушы мекеме «УЛМАД» ЖШС-і.
Нәтижесінде биыл қыркүйек айында «Асар-2» шағынауданындағы 2 723 үй таза сумен қамтылатын болады.