«Алғыс айту» күні Шымкент қаласында дәстүрлі түрде аталып өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Мерекелік іс-шара – қаладағы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының алдындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Содан кейін іс-шара мерекелік концертке ұласты. Салтанатты жиын барысында Қазақстанға жер аударылған этностардың өткені мен бүгіні туралы арнайы даярланған бейнефильм көрсетілді.
2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, 1 наурыз - Алғыс айту күні деп жарияланды. Айтулы мереке биыл елімізде бесінші рет аталып өтуде.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүруде.