ҚР Премьер-Министр Ә.Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында Қазақстанның қаңтар-шілде айлары арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарау барысында Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасқанын айтып өтті.
- Өнеркәсіп өнім көлемі 507,5 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 108,4 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 109,6 пайыз болып отыр.
- Инвестиция көлемі 219,1 млрд.теңге болып, 28,6 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 52,6 млрд.теңге, жеке көздерден 166,5 млрд.теңге.
- Құрылыс жұмыстарының көлемі 76,7 млрд.теңге немесе 120,5 пайыз құрады.
- Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 371,8 мың шаршы метр немесе 115 пайыз болды.
- Жалпы сауда көлемі 946,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 9,8 пайызға артты.
- Жалпы көлік көлемі 158,5 млрд. теңге болып, 107,2 пайызды құрады.
- Байланыс қызметі 4,8 млрд. теңгені немесе 104,7 пайызды құрады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі