Шымкентте бір айлық жаңбыр бір күнде жауды

Шымкентте бір айлық жаңбыр бір күнде жауды

Шымкент қаласында 2022 жылғы 9 наурыздың екінші жартысында және түнде жауған жаңбырдың мөлшері 1 айлық нормадан асып, 28 мм құрады. Айлық көрсеткіш - 26 мм.

Су басу қаупі бар аумақтардағы жаңбыр суын сору жұмыстарын үйлестіру үшін әкімдік, төтенше жағдайлар департаменті мен коммуналдық қызметтердің мамандары енген жедел штаб құрылды. Сонымен бірге, әр ауданнан арнайы кезекші бригадалар ұйымдастырылды.

Мөлшерден тыс жауған жауынның салдарынан қаладағы бірқатар көшелерді су басты. Дер кезінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жаңбыр суын сору жұмыстары 44 мекен жайда жүргізілді.

Ауа райына байланысты туындаған қолайсыздықтарды жою үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов түнде жұмысшы топпен қаланы аралап тиісті тапсырмалар берді. 7 мың текше метрге жуық жауын суы сорылды.

Бұл жұмыстарға 68 бірлік техника мен 35 дана мотопомпа және 200-ден астам төтенше жағдайдың қызметкерлері мен әкімдік қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазгидромет мамандарының мәліметі бойынша, алдағы бір аптада жауын-шашын жалғасады деп күтілуде.

Осыған орай, қаламызда су басу қауіпіне қарсы арнайы топ құрылды. Жалпы жағдай тұрақты бақылауда.