Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2024 жылдың 31қазанда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді».
Акция Шымкент қаласында Қазақстан халқы ассамблеясында (Желтоқсан көшесі 9/4) сағат 16.00-де басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағыең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасындажергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.