Шымкентте интеллектуалды көлік жүйесі енгізілді

Шымкентте интеллектуалды көлік жүйесі енгізілді

Биыл кептелісті азайту мақсатында бағдаршамдарға интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) енгізілді. Жүйе арқылы жолдар мен қиылыстарға орнатылған сенсор арқылы көлік ағыны туралы ақпарат жиналады. Яғни, арнайы жүйе көлік ағынына байланысты бағдаршамдағы қызыл мен жасыл түстердің уақытын автоматты түрде өзгертіп отырады.

Сенсорлы құрылғылар:

микротолқынды — жолдағы кептеліс пен көлік ағымын нақты уақытта анықтайды;

инфрақызыл жылу сенсорлары — баннерлер мен ағаштарға қарамастан, көлік қозғалысын есептеп, бақылау мүмкіндігін береді;

радолокациялық — Темірлан тас жолы, Қонаев даңғылы сияқты магистрал көшелердің толық енін қамти алады.

Жүйенің енгіхілуінің нәтижесінде қаладағы 246 қиылысты интеллектуалды басқаруға,

көлік қозғалысын автоматты түрде 24/7 режимінде бақылауға болады.

Жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету

қауіпсіздік деңгейін арттырып, кептелісті азайтады.

Қазіргі уақытта жаңа жүйе қаланың барлық бағдаршамы орналасқан қиылыстардың 71%-ын қамтиды.

Жүйенің артықшылықтары:

* ыңғайлы және қауіпсіз көлік қозғалысы

* кептеліс пен апаттар санын азайту

* қала тұрғындары үшін заманауи, жайлы инфрақұрылым желісін қалыптастырады.