Қала әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Сәрсен Құранбектің жетекшілігімен өткен мәжіліске басқарма басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде әйелдер мен балалардың құқығы, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының іске асырылуы туралы мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, әйелдер мен балалардың еңбегінің қорғалуы, дискриминацияға жол бермеу, жалғызбасты қарт адамдарды әлеуметтендіру бойынша тиісті басқарма басшыларының баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының Абай ауданында іске асырылуы барысы талқыланды.
Комиссия мүшелері баяндамашыларға сұрақтарын қойып, бірнеше мәселенің шешу жолдарын қарастырды.
Қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Өңірлік комиссия тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар құзырлы орындарға тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ»