​ШЫМКЕНТТЕ “ҚАЗАҚ ТІЛІ- ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ”  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

​ШЫМКЕНТТЕ “ҚАЗАҚ ТІЛІ- ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ”  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

5-ші қыркүйек қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, педагог, ғалым, публицист, түркітанушы, қоғам қайраткері, ағартушы, ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырып “Қазақстан халқының тілдері күні” мерекесі болып бекітілген болатын.

Осы мерекеге орай бүгін қаламыздағы көп салалы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де тіл жанашырларының бас қосуымен республикалық форум болып өтті.

Форумның басты мақсаты- қазақ тілінің тек бір ұлттың емес, бүкіл халықтың ортақ қарым-қатынас құралына айналу қажеттігін жүзеге асыру. Қазақ тілін үйренуге, дамытуға және оны қоғамдағы барлық салада кеңінен қолдануға бағыттау, қоғамдағы ролін арттыру, сондай-ақ, көптілділікті насихаттау болды.

Форумды Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бас орынбасары Мөлдір Убайдуллақызы Оңдасынова құттықтау сөзімен ашып, тіл жанашырлары мен қоғам белсенділеріне марапат хаттарын табыс етті.

Шара барысы “Тіл-қоғамның айнасы” тақырыбында шағын бейнеролик ұсынылып, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры Гүлмира Қалыбайқызының баяндамасымен жалғасын тапты.

Сондай-ақ, “Тіл-қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Құрманжанқызының “Қазақ тілі және жасанды интеллект” тақырыбы аясында дайындаған баяндамасы ұсынылды.

Ал, қалалық “Талант” жалпы білім беру мектебінің директоры Рахат Арғынбай тіл мәртебесін көтеру жайында келелі ойларымен бөлісіп, тұжырымды ұсыныстарын ортаға салды.

Жиынның соңында форум қатысушыларына үндеу жарияланып, көрермендердің ой-пікірлері тыңдалды…

“Шымкент келбеті”