Шымкентте кезекші ХҚО жұмысын қайта бастады

Шымкентте кезекші ХҚО жұмысын қайта бастады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты кезекші ХҚО-ның жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.

Енді Мәделі қожа көшесі, 1/16 мекенжайында орналасқан ХҚО-ның №1 бөлімі дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қаланың қалған ХҚО-лары жұмысын әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғындар мемлекеттік бажды Homebank және Kaspi қосымшаларындағы QR-код арқылы төлей алады.