Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының үйлестіруімен республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті.
Этномәдени бірлестіктердің қолдауымен өткен акция барысында 200-ден астам оқушыға алынған мектепке қажетті құрал-жабдықтар (мектеп формасы, сөмке, дәптер, қаламсап, түрлі-түсті қалам, қылқалам, бояу, альбом, өшіргіш, түрлі-түсті қағаз, қайшы, қаламұштағыш, дәптер қаптағыш, желім, пенал және т.с.с.) әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға табысталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жомарт жан» орталығының жоспарына сай ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясына қалалық славян, корей, өзбек, түрік, әзірбайжан, грузин, ұйғыр, күрді, еврей шешен-ингуш, татар-башқұрт, грек этномәдени бірлестіктері атсалысып, игі іске жұмылдырылды.
Айта кетейік, шымкенттік этномәдени бірлестіктердің белсенділері көпбалалы отбасылардың балаларын қажетті оқу құралдарымен қамтуды тамыз айының соңына дейін жалғастыруды көздеп отыр.