Шымкентте композитор Мұхан Байбосыновтың шығармашылық кеші өтті

Шымкентте композитор Мұхан Байбосыновтың шығармашылық кеші өтті

Шымкент қаласындағы «Түркістан» салтанат сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай белгілі композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі Мұхан Байбосыновтың «Гүлдене бер, Қазақ елі!» атты шығармашылық ән кеші өтті.

Жас кезімде екі-үш ән жазған болатынмын. Ұзақ жылдар бойғы шығармашылық үзілістен кейін осыдан үш жылдай бұрын өнерге қайта оралдым. Бұған Семейдегі курстасымның «Шырайлы Шымкент» атты әннің сөзін жазып, маған жіберуі себеп болды. Сол өлеңге ән жазған едім, ол көпшіліктің жақсы бағасына ие болды. Бұл маған қанат бітіріп, шығармашылыққа құлшына кірістім. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бүгінгі ән кешіме жиналған көпшілікке алғыс айтамын, — деді Мұхан Әбдіәшімұлы.


Айта кетейік, ән кешінде Мақпал Жүнісова, Құдайберген Бекіш, Жұбаныш Жексенұлы, Хадиша Шалабаева, Құрманбек Шойынбаев, Индира Расылхан, Мирас пен Құралай және өзге де эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.