​Шымкентте ұландықтар референдумда дауыс беруді бірінші болып аяқтады

​Шымкентте ұландықтар референдумда дауыс беруді бірінші болып аяқтады

Бүгін елімізде АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум басталды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де елдегі маңызды оқиғадан тыс қалған жоқ.

6506 әскери бөлімінде орналасқан №89 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6.00-де Қазақстан Республикасы Әнұранының шырқалуымен ашылып, түске дейін өз жұмысын аяқтады.

Сайлау учаскесінде барлығы 665 мерзімді әскери қызметші өз дауыстарын берді, олардың көпшілігі дауыс беруге алғаш қатысқан.

Қатардағы жауынгер Жұмабек Баженов та дауыс беруге өмірінде бірінші рет қатысты.

- «Мен, Қазақстан азаматы ретінде, референдумда дауыс беру арқылы азаматтық борышымды орындағым келеді және осымен өз мемлекетімдегі оң өзгерістерге әсер етемін деп сенемін», - деп атап өтті жас ұландық.

Айта кету керек, әскери қызметшілер туған күні ел үшін маңызды оқиғаға сәйкес келген сарбазды назардан тыс қалдырған жоқ. Оған бригада басшылығы атынан естелік сыйлық табыс етілді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі