​ШЫМКЕНТТЕ «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

​ШЫМКЕНТТЕ «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Ұлыстың ұлы күнін қайта жаңғырту, төл мерекемізді тойлаудың дәстүрін қалыптастыру мақсатында 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі өтеді. Биыл да шаһарда Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту жоспарланып отыр. Баршаңызды ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырамыз.

????Мерекелік бағдарламалар:

⚜️14 наурыз – Көрісу күні

????Астана алаңы, 11:00-13:00 – мәдениет саласының өкілдерімен көрісу жоралғысы өтеді.

⚜️Ордабасы ауданы, «Шәмші» аллеясы, ????️????11:00-15:00 – Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдерінің көрісу жоралғысы өтеді.

⚜️15 наурыз – Қайырымдылық күні

????Қала аумағында – «Мейірім жүректен» акциясы, баспана кілттерін табыстау, жәрмеңкелер.

Балалар үйлері – мерекелік концерттер мен цирк қойылымдары ұйымдастырылады.

⚜️16 наурыз – Шаңырақ күні

????Қошқар ата өзені бойы, 11:00 – «Қошқар ата сейілі», ұлттық көрмелер мен спорттық жарыстар өткізіледі.

Арбат демалыс аймағы – «Бақытты жанұя» іс-шарасы

Перзентханалар – жаңа туған сәбилерге «Наурыз-базарлық» сыйлықтары табысталады.

⚜️17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

????Қаратау дәстүрлі өнер мектебі, 11:00 – Республикалық «Күміс қалам» жас ақындар мүшайрасы өтеді.

⚜️18 наурыз – Ұлттық киім күні

????Астана алаңы, 11:00 – ұлттық киім фестивалі, отандық дизайнерлер көрмесі өтеді.

⚜️19 наурыз – Жаңару күні

????Шым сити шағынауданы – «Таза өлке» және «Рахмет, Жер ана!» экологиялық акциясы өтеді.

Қала аумағы – 1000 түп ағаш көшеттерін отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылады.

⚜️20 наурыз – Ұлттық спорт күні

????Қаладағы спорт алаңдары – ұлттық ойындар мен жарыстар.

⚜️21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

????Астана алаңы мен қала аудандарында, 10:00 – мерекелік концерт, этноауыл, қолөнер көрмелері көпшілік назарына ұсынылады.

Астана алаңы, 19:00 – эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

⚜️22 наурыз – Жыл басы күні

????10:00 – «Бесікке салу» дәстүрі

14:00 – «Жарамазан Fest» республикалық байқауы

⚜️23 наурыз – Тазару күні

????Қала аумағы– сенбілік, аулалар мен көшелерді тазарту іс-шарасы.

Баршаңызды Наурыз мерекесін бірге тойлауға шақырамыз! Наурыз құтты болсын!