Шымкент қаласында дельта штамы пайда болғалы эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, шілде айында індет жұқтыру 7,5 есеге артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидахуал жөніндегі баяндамасындамасында айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
М.Әйтеновтың сөзінше, Маусым айында коронавирус жұқтырған 1 489жағдай тіркелсе, шілдеде 11 085 адамда анықталған.
Үшінші мегаполисте жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 19 528 науқас тіркелді. Оның 11 848-і індеттен айыққан, 405 науқас қайтыс болды.
Бүгіндеемделіп жатқан науқастардың саны 7 275-ке кетті. Үй жағдайында 4 916 адам емделсе, 2 359 науқас инфекциялық стационарда ем қабылдап жаты. Ал соңғы тәулікте індет жұқтырған 575 жағдай тіркелген.
–Бүгінгі таңда қаладағы жұмыстар B сценарийімен жүріп жатыр. 3 190 төсек-орын жасақталды, онда 2 359 азамат стационарлық емделуде. Төсек-орын толымдылығы 74% құрайды, 831 төсек орын бос. Апта соңына дейін кезекпен қосымша 980 орын ашып, төсек орын санын 4 170-ке жеткізіп, С-сценарийне көшеміз. Жаңсақтау бөлімінде 487 төсек орын бар, онда 381 азамат ем қабылдауда. Толымдылық – 78 пайыз. Жалпы, үш сценарийге де дайынбыз. Соңғы 4 күнде жедел медициналық шақыруларшақырулар саны2 594-тен 2 453–ке төмендеді, - деді қала әкімі.
Қалада 45 екпе пункті жұмыс істейді. Бүгінге дейін коронавирусқа қарсы 371 543 адам І компонентпен, 278 988 адамІІ компонентпен вакциналанды. Қалада тиісті контингенттің(536 000 адам)І компонентті 68%, ІІ компонентті 51%-ы екпе алды.