Шымкентте «Сөз маржаны – термеде» республикалық байқауы өтті

Шымкентте «Сөз маржаны – термеде» республикалық байқауы өтті

Бүгін Шымкент қаласында ұлттық өнердің асыл мұрасы – терме дәстүрін жаңғыртуға бағытталған «Сөз маржаны – термеде» республикалық байқауы өтті. Іс-шараны Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» ұйымдастырды.

Байқаудың негізгі мақсаты – ата-бабадан мирас болып жеткен ұлттық рухани қазынаны дәріптеу, жас термешілерге қолдау көрсету, сондай-ақ жергілікті өнерпаздардың шығармашылығын кеңінен насихаттау. Шара барысында Оңтүстік өңіріне аты мәлім болған Майлықожа, Құлыншақ, Қайыпназар, Молда Мұса, Қызыл жігіт, Қасқыр ақын, Құтбай ақын сынды термешілердің өнегелі жолы мен мұрасы кеңінен сөз болды. Қатысушылар осы үлкен тұлғалардың дәстүрін жалғап, өз өнерін көпшілікке паш етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара қазақы болмысымызды сақтап, дәстүрлі өнердің насихатын арттыруға зор үлес қосады. Республикалық деңгейде өткен байқау жас буынның ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттырып, терме өнерінің жаңа тынысын ашады.

«Шымкент келбеті»