Шымкентте биыл қалаішілік орталық көшелерге 178 аялдама павильонын орнату жоспарлануда. Барлық аялдамалар Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады.
Бүгінде қала ішінде жоспарға сәйкес 14 аялдамапавильоны қойылды. Аялдама орнату жұмыстары шілде айында басталды. Аталмыш жұмыстарды орындау«Strong Servise» ЖШС және«Aicom» ЖШС-на тапсырылған.
Жалпы қала бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336-не аялдама павильоны орнатылған болса, қалғанында аялдама белгілері орнатылған.2021 жылдың қорытындысымен жаңа үлгідегі аялдама саны 670. Қала бойынша жалпы үлесі 35,5% құрайды.