Бүгін Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков сот ұжымына ҚР Президентінің2022 жылғы11 шілдедегі № 956 Жарлығымен жаңадан тағайындалған Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бәйдібек Дүйсебеков және қалалық соттың судьялары Ерлан Сералиев пен Мәлік Жарқынбековті таныстырды. Жиынға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысты.
Сонымен қатар, сот төрағасы жиын барысында Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, осы соттың төрағасы қызметіне жаңадан тағайындалған Нұрдәулет Рахынбаевты және Абай аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Гүлнұр Саттарованы, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Гүлсара Рахметуллинаны, Еңбекші аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Нұрғали Құламқадырұлын, Қаратау аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Сырым Жақсылықовты таныстырды.
Сондай-ақ, Е.Рахымбаев осы Президент Жарлығымен Қаратау аудандық сотының судьясы Абдолла Сапашевтың отставкаға шыққаны туралы айтып өтті.
Сөз соңында төраға Ербол Мұқажанұлы жаңадан тағайындалған судьяларға сот төрелігін жүзеге асыруда заң мен ар алдында әділдікті тең ұстап, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда жемісті еңбек етулері тиіс екенін жеткізді.
«Шымкент келбеті» – Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото Серік ҚОСАЕВ.