Шымкент қаласының инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында «Ақылды қала» жобасы негізінде жарықтандыру жүйелері толықтай автоматтандырылады.
Бекітілген жоспар бойынша, бүгінде арнайы диспетчерлік орталық құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков орталыққа барып, жұмыс барысын пысықтады.
Аталған диспетчерлік орталық ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап өз жұмысын бастайды.
Нақтырақ айта кетсек, диспетчерлік орталық арқылы жарықтандыру жүйелері толықтай басқарылады. Яғни, күйген жарық шамдар кері сигнал арқылы автоматты түрде көрсетіліп, түнгі мезгілде көлік қозғалысы баяулағанда шамдардың жарық беру пайызы автоматты түрде төмендетіледі.