Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жеке инвестор салып жатқан мектептің құрылысымен танысты. Биыл тамыз айында пайдалануға берілетін білім мекемесі 1000 орынға лайықталған, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ілияс Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан 600 балаға шақталған білім мекемесі апатты танылған болатын. Енді оқушылар жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастайды.
М.Әйтенов қалада 13 үш ауысымды, 1 апатты және 13 шағын ауданда мектеп жоқ екенін айтып, мәселені шешу мақсатында білім саласына инвесторларды көптеп тарту қажет екенін алға тартты.
– Кәсіпкерлер білім саласына қаржы құйғанда бірінші кезекте ақша табамын деп емес, ең әуелі ұрпақтың білімді болуына басты назар аударады деп сенемін,- деді қала әкімі.
Айта кетсек, Шымкентте алдағы бес жылда қалада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 12, ал жеке инвестор қаржысына 40 мектеп салынады.