​Шымкенттегі ең көне мектепке – 146 жыл

​Шымкенттегі ең көне мектепке – 146 жыл

Шымкенттегі ең көне мектеп – М.Х.Дулати атындағы №8 гимназиясында бүгін 146-шы соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков қатысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл білім ұясы – қаламыздағы ең көне және тарихы терең мектеп. Бүгінде есімдері елге танымал қаншама азаматтар осы мектептен қанат қаққандарын мақтанышпен айтады. Өзім де №8 мектеп-гимназиясының түлегімін. Құрметті мектеп бітірушілер, баршаңызға өмірлік сәттілік тілей отырып, ұлағатты ұстаздарымызға қажырлы еңбектері үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді, – деді Ерғали Дәулетбекұлы.

Үнемі шығармашылық пенізденістің, сапалы білімнің арқасында мектеп 80-жылдардың соңында дарынды балаларды көпсалалы оқыту бойынша эксперименттік алаң мәртебесін алды. Ал 1992 жылы мектеп-гимназия мәртебесін иеленген. Бүгінде оқушыларды үш тілде білім беретінмамандандырылған гимназияға айналған.

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 1997 оқушы оқу жылын аяқтады. Оның ішінде 158-і 11-сынып түлектері. 22 түлек «Алтын белгі» төсбелгісін алуға үміткер.

Айта кетерлігі, гимназия биыл Қазақстан бойынша үздік «100 олимпиадалық мектептер» тізіміне еніп отыр. Сонымен қатар «Шымкент жастар лигасының» ширек финалындабас жүлдені иеленген.