Өзбекстанда ауыр атлектикадан өткен Азия чемпионатында шымкенттік Арлин Чонтей алтын медаль иеленді, -деп хабарлайды Shymkentaqparat
Арлин Чонтей 55 келі салмақта 255 келіні көтеріп, қарсыластарын сан соқтырды.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 15-25 сәуір аралығында Ташкент қаласында өтуде. Сайыста 25 мемлекеттен келген спортшылар бақ сынауда.