Бокстан Польшаның Кельце қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде шымкенттік спортшы күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Дана Дидай 75 келі дейіні салмақта ел намысын қорғады. Ол финалда үндістандық Санамача Токчоммен сынға түсті. Тартысқа толы бәсекеде есеп 2:3 болды.
Бокстан Қазақстан бойжеткендер командасы әлем біріншілігін 2 күміс, 3 қола жүлдемен аяқтады. Дана Дидайды күміс жүдлесімен AIBA президенті Умар Кремлев марапаттады.
Айта кетейік, Дана Дидай – Шымкент қалалық № 5 кәсіпқой бокс түрлері клубының шәкірті.
⠀