Дубайда (БАӘ) бокстан әйелдер арасында Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы 8 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қазақстан құрамасы осылайша құрлықтағы рекордтық жетістікке қол жеткізді. Қазақ елінің бұрымды боксшылары 10 салмақта сайыс көрігін қыздырды.
Шаршы алаңда 81 келіде бақ сынаған Шымкент қаласының спортшысы Фариза Шолтай Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Жерлесіміз финалда өзбекстандық Сохиба Рузметовадан басым түсті.
Айта кетсек, Фариза Шолтай – қалалық № 5 спорт мектебінің шәкірті.