Шымкенттік спортшылар Азия чемпионатында 3 медаль жеңіп алды

Шымкенттік спортшылар Азия чемпионатында 3 медаль жеңіп алды

Жеңімпаздарды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы құтықтап, сый-құрмет көрсетті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жерлестеріміз жарыста 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған.

Биыл Азия чемпионаты Алматы қаласында 13-18 сәуір аралығында өтті. Жарыстың алғашқы күнінде гирек-рим күресінен Шымкенттік спортшысы Әлімхан Сыздықов Ирандық Алиакбар Хоссемен күресіп күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол Қазақстанның құрама команда сапында 130 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен.

Әйелдер күресінен 55 кг салмақта өнер көрсеткен Уалишан Айша Азия чемпионатының қола жүлдегеріатанды.

Қазақстанның құрама команда сапында әйелдер күресінен 57 кг салмақта өнер көрсеткен Шымкенттік спортшы Сатылған Алтынай қола жүлдені қанжығасына байлады.