Шымкентте бадминтонннан жастар ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Аталған республикалық дода 10-16 мамыр аралығында Орталық Азия бадминтон орталығында өтті.
Алматы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, ШҚО, Маңғыстау, БҚО, Түркістан облысы мен Алматы, Шымкент қалаларынан 98 спортшы қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша Шымкент құрамасы топ жарды. Қостанай облысы екінші орыннан көрінсе, Қарағанды облысының құрамасы мен БҚО үздік үштікті қорытындылады.
Айта кетейік, жастар ойындары барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, көрерменсіз өтті.