​Шымкенттік студент қыз республиканың сұлуы атанды

​Шымкенттік студент қыз республиканың сұлуы атанды

Ақтөбеде өткен республикалық «Колледж Аруы – 2021» атты сұлулар байқауында шымкенттік ару жүлделі І-ші орынды иеленді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Еліміздің ірі орта білім ордаларынан қатысқан арулар бес бағыт бойынша бақтарын сынады.

Сұлулар сайысына Шымкенттің намысын қалалық колледждер арасынан іріктеліп шыққан «Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің» ІІ курс студенті Нышанбаева Сымбат Қайратқызы қорғады.

«Арнайы тігінші» мамандығын игеріп жүрген Сымбат Нышанбаева барлық сынақтан сүрінбей өтіп, арнайы «Грамота» және бағалы сыйлықтармен марапатталды.