Елімізде экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қоғам назарынан тыс қалмайды. Апта сайын ұйымдастырылатын бұл акциясының елге берері мол. Сол үшін де апта сайын және жыл соңына дейін жалғаспақ. Республикалық акциясы Шымкент қаласындағы аудандарда, шағын аудандарда, көшелер мен саябақтарда кең көлемде өткізіліп келеді. Бүгін Еңбекші ауданы әкім аппарытының бастамасымен, 12 шағын ауданыдағы Ш. Уәлиханов көшесі тазаланды.
- Таза Қазақстан акциясы күнделікті жүргізілуде. Бүгін аудан бойынша 9 секторға бөлініп, 9 техникамен 250 ден астам адам акция аясында жұмыс жасауда. Біз тек қана қала көшелері мен өзен жағасын тазалаумен айналысып жатқан жоқпыз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында көптеген қызықты шараларды өткіздік. Тазалық жұмыстарынан бөлек тәрбие жұмыстарына да баса назар аудардық. Өйткені жастар қоршаған ортаны қорғаудың, сақтаудың маңыздылығын жете түсінулері керек. Бүгін жинаған жер ертең қайта шашылып жатады. Осыны тыйған жағдайда нәтиже бар деп айта аламыз,-дейді Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев.
Шымкент келбеті