Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тұранда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің сапасына қатысты қала басшысы М Әйтеновтің тапсырмасымен құрылған арнайы топ 151 пәтерде кемшіліктер анықтаған болатын.
Бүгін қала әкімі тұрандықтармен кездесіп, тапсырмалардың орындалу барысын көрді. Оң нәтижелерге тұрғындар ризашылығын білдірді.
- Мәселелер шешімін табуда. Сабырлы болыңыздар. Инфрақұрылым және абаттандыру жұмыстары өз кезегімен жүргізіледі,-деп нақтылап өтті.
Кездесуден кейін әкім инфрақұрылым, көгалдандыру, абаттандыру, жылыту қазандықтарын тексерді.
Қазіргі таңда Тұран шағын ауданында 2020 жылдан бері 5576 пәтерлі 88 көпқабатты үйдің құрылысы жүруде.
Алдағы уақытта 27 үй «5-10-20» Шаңырақ бағдарламасымен, 34 үй «Отбасы Банк» АҚ арқылы, 16 үй арендалық бағытпен берілетін болады.