​«ТАЗА ӨЛКЕ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АЭС ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

​«ТАЗА ӨЛКЕ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АЭС ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданындағы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жауапты “Таза өлке” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге спикер ретінде қоғам белсендісі, журналист Бейсенкүл Нарымбетова арнайы қатысып, алда келе жатқан референдум жайында және АЭС пайдасы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қаланың көгалдандыру мен санитарлық саласына жауапты мамандарға атом электр станциясының пайдасы жөнінде көптеген ақпарат ұсынылды.

Аталған кездесуге жалпы 200-ге жуық адам қамтылып, сұрақ-жауап және еркін форматта пікір алмасу жүргізілді.

“Шымкент келбеті” газеті