​ТАЗАЛЫҚҚА ӘР ТҰРҒЫН ЖАУАПТЫ

​ТАЗАЛЫҚҚА ӘР ТҰРҒЫН ЖАУАПТЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігіне қарасты «Нұрсәт» шағын ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» акциясына бұл жолы тек тұрғындар ғана қатысқан. Олар 110-118 көп қабатты үйлердің маңын тазалап, балалар ойын алаңшаларындағы кемшіліктерді ретке келтірді.

Ұйымшылдық танытқан тұрғындар бұл істі әдетке айналдырғандарын айтады.

Қазір жастар тәртіпті. Зиянды әдеттерге әуес емес. Көбі білім жолында, енді бірі спортқа жақын. Осы балалар, кейде аулаларды тазалап, қоқыстарды шығарып жүреді. Үлкендер жағы кіші буынға айтса, үлгі болып көрсетсе кез-келген жас оны ары қарай алып кетеді. Бүгінгі жиынға немерді де алып шықтым. Өйткені, бала ұяда не көрсе ұшқанда осны іледі дейді,-дейді зейнеткер Сәуле Жаппарқұлова.

Акцияға 5 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде «Нұрсәт» шағын ауданының жалпы көп қабатты үйлерінің маңы тазаланып, күл-қоқыстар шығарылды.

Шымкент келбеті