Текесуде тындырымды тірлік көп

Текесуде тындырымды тірлік көп

Әл-Фараби ауданына қарасты Текесу тұрғын алабында 600-ге жуық тұрғын қоныстанған. 1 мектеп, 1 амбулатория жергілікті халық игілігіне қызмет етеді. 1 спорт алаңшасы орнатылған.

Электр жарығымен толық қамтылған;

Ауыз сумен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленіп, бюджетке ұсынылды;

Табиғи газбен толық қамтылған;

Билайн және Актив интернет желісі станциясы орнатылған;

Жол - 1 көше асфальтталған, 6 көшеге шағал тас төселген.

Ақсай және Көлді көшелерін асфальттау жұмыстары 2023 жылдың жоспарына енгізіледі.

№142 қоғамдық көлігі қызмет көрсетеді. Шымкент қаласының кешенді схемасына сәйкес №142 маршрутты оңтайландыру жоспарлануда. Оңтайландыру барысында кесте санын көбейтіп, шағын автобустарға ауыстырып, қозғалыс сызбасын қайта ұйымдастыру қаралады.

Текесу көшесі жарықтандырылған.