Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа екі заңға қол қойды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап
- Мемлекет басшысы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы тағы бір заңға қол қойған.