Токио 2020:Қазақстандық теннисші жартылай финалға шықты

Токио 2020:Қазақстандық теннисші жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі

Ширек финалда Рибакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездесті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басым түсті. Ал екінші сетте 6:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 34 минутқа созылды.

Токио Олимпиадасының финалына өту үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.