Токиода өтетдін XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты келіссөздер нәтижелі аяқталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі
–«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізлді, - делінген хабарламада.
Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасынан спорттың 27 түрі бойынша 96 спортшы бақ сынайды.