Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы жарысты Жансай Смағулов жеңіспен бастады. Бұл жөнінде Olympic.kz сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі
«73 келіде Қазақстан намысын қорғайтын Жансай Смағұлов Олимпиаданы екінші айналымнан басталды. Ол Токио татамиіндегі алғашқы белдесуінде армениялық Фердинанд Карапетянды жеңді», - делінген хабарламада.
Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, қосымша уақытта Жансай «ваззари» ұпайын еншіледі.
Енді екінші кезеңде Смағұлов канадалық Артур Маржелидонмен күш сынасады.
Айта кетсек, 28 жастағы Смағұлов 2016 жылғы Олимпиада ойындарына да қатысқан. Сол кезде дзюдошы жарысты екінші кезеңнен аяқтаған болатын.