Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан 10 спортшы аттанды , деп хабарлайды Shymkentaqparat
Оқ ату спорт түрінен - Юрий Юрков, 24 шілдеден 2 тамызға дейін өнер көрсетеді;
Стенд атудан - Зоя Кравченко,24 шілде - 2 тамыз;
Каратэден - Дархан Асадилов, Юлдашев Данияр, Берульцева Софья, 5-8 тамыз;
Бокстан - Закир Сафиуллин, 24 шілде - 8 тамыз;
Байдарка және каноэ есуден (К-2) - Тимофей және Сергей Емельяновтар,2-8 тамыз;
Көркем гимнастикадан - Алина Адилханова, 6-8 тамыз;
Дзюдодан - Галбадрах Отгонцэцэг, 24-31 шілде аралығында бақ сынасады.
Сонымен бірге 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токиода XVI жазғы Паралимпиада ойындары болады. Оған Шымкенттен суда жүзу спорт түрінен Роман Агалаков қатысады. Ол 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында еліміздің намысын қорғайды.