​ТҰРАН АУДАНЫН АБАТТАНДЫРУ: ЖАҢА ГҮЛЗАРЛАР МЕН СКВЕРЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

​ТҰРАН АУДАНЫН АБАТТАНДЫРУ: ЖАҢА ГҮЛЗАРЛАР МЕН СКВЕРЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ТҰРАН АУДАНЫН АБАТТАНДЫРУ: ЖАҢА ГҮЛЗАРЛАР МЕН СКВЕРЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Тұран ауданында қала келбетін жақсарту және тұрғындарға қолайлы демалыс аймақтарын құру мақсатында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2024 жылы ауданның инфрақұрылымын дамыту аясында Желтоқсан көшесінің бойында (Аэровокзал аумағында) және Мадлен мейрамханасы жанында (Шымкент қонақ үйі) екі демалыс аймағы пайдалануға беріліп, жасыл желекпен көмкерілген гүлзарлар салынды.

Алдағы 2025 жылы бұл жұмыстар одан әрі жалғасып, Арғынбеков және Бәйтереков көшелері қиылысында жалпы аумағы 0,15 гектарды құрайтын жаңа гүлзардың құрылысы қолға алынбақ. Сонымен қатар, Гагарин көшесі бойындағы үйлердің артында жаңа сквердің салынуы және Қабылбеков көшесі бойында инвестициялық жоба аясында заманауи гүлзардың пайда болуы жоспарланған.

Бұл жобалар ауданның абаттандыру деңгейін арттырып, тұрғындардың демалыс пен бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасайтыны сөзсіз.