Кеше, 28 маусым күні сағат 15:49-да Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Уалиханов көшесінде орналасқан РП-11 трансформаторынан өрт шыққан.
Өрт сағат 16:11-де оқшауланып, 16-26 толығымен сөндірілді. Трансформатор толығымен жанып кеткен. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт жоғары кернеуден орын алуы мүмкін. Анықтау жұмыстарын ОңтүстікЖарық ЖШС және ТЖ департаментінің мамандары жүргізуде.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 3 дана техникасы, апаттар медицина орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.
Өрттің салдарынан 0,4 кВ тарату ұяшықтарына зақым келіп, 413 тұтынушы электр қуатынан ажыратылған болатын, қәзіргі таңда аталған аумаққа электр қуаты берілді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі