Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 500 тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. Абылайхан Балықбаев мәлімдеді.
Оның сөзінше,құжаттарды қабылдау www.kezekte.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Тұрғындардың өтінімдері 3 жұмыс күні ішінде қарауға алынып,жауабы жеке кабинетке немесе азаматтардың электронды поштасына жолданады.
–«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта баспаналы болуға ниет білдірген тұлға соңғы 6 айда отбасының жиынтық табысы оның әрбір мүшесіне шаққанда 106 336,2 теңгеден аспаған жағдайда және қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ай сайынғы төлемніңсомасытуралы мәліметтерді қамтитын, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы банктің мақұлдаған хатын тіркеп азаматтар тұрғын үй сертификатына өтінім жібере алады. Осы жерде айта кететін жәйт, отбасының жиынтық табысы ретінде - отбасы мүшелерінің расталған кіріс табысы есептеледі,-деді спикер.
Айта кетейік, тұрғын үй сертификаттарын алуға мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілері жоғарыда аталған талаптарға сәйкес қатыса алады.
Биыл ипотекалық тұрғын үй қарызын жинаған азаматтарға бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде әр азаматқа 1 миллион теңгеден берілетін тұрғын үй сертификаттарына жалпы 500 млн. теңге қаралып отыр.