Шымкент қаласы Қаратау ауданы 224 рефендум учаскесінде қалыпты жағдайда тұрғындар дауыс беріп жатыр. Келушілердің басым бөлігі жастар. Ең алғаш болып дауыс берген азаматқа мекеме тарапынан арнайы сыйлық та табысталыпты. Референдумның жоғары деңгейде өтуіне, халыққа барынша қолайлы болу үшін барлық жағдай қарастырылған дейді Қаратау ауданы 224 рефендум учаскесінің төрағасы Орынбасар Қошаналиев.
- Таңертең сағат 7-ден учаске ашылып, дауыс беру басталды. Оған дейін комиссия мүшелерінің байқаушылармен бірігіп, сейфтен бюллетендерді алып шыққанына куә болдық. Жалпы бүгін 2446 азамат дауыстарын береді деп күтілуде. Көріп тұрғандарыңыздай мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық жағдай жасалған. Дегенмен, бізге алдын ала өтініш айтқан азаматтар тіркелмеді. Әр келген дауыс беруші кабинкаларда өз таңдауын жасап, жәшікке әкеп салады. Осы уақыт аралығында заң талаптары сақталмады деген дерек тіркелген жоқ. Кешкі 20:00-ге дейін дауыс берушілер үшін учаске есігі айқара ашық,-дейді Орынбасар Қошаналиев.
«Шымкент келбеті»