​Тұрғындарға қауіпсіздік талаптары түсіндірілді

​Тұрғындарға қауіпсіздік талаптары түсіндірілді

Бүгін қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Абай ауданының Ынтымақ шағын ауданында «Шымкент қаласының газ техникалық қызметі» мамандары мен қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесіп, тұрғындар арасында газбен байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында мамандар газбен жабдықтау жүйелерін дұрыс пайдалану ережелерін түсіндіріп, тұрмыстық газдан уланудың алдын алуға қатысты кеңес берді. Сондай-ақ, әрбір тұрғынның газ жабдықтарының техникалық жағдайына ұқыпты қарауының маңыздылығы атап өтілді.

Мамандардың ескертуінше, оқыс жағдайлардың алдын алу үшін төмендегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. «Тұрғындар газ жабдығын уақтылы тексертіп, газ тұтыну жүйесінің иелері оның техникалық жарамдылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Арнайы техникалық қызмет көрсету туралы шартсыз газ жабдығын пайдалануға болмайды», дейді олар. Сондай-ақ бүгін тұрғындарға жарамды құрал-жабдықты қолдануға, пеш пен мұржа сызатсыз әрі бітелмеген болуы керектігі де айтылды. Бұл апатты жағдайлардың алдын алудың негізгі шарты екенін де естен шығармау қажеттігі ескертілді.

«Сондай-ақ жақсы желдетуді қамтамасыз ету мен газ плитасын жылыту құралы ретінде пайдалану қауіпті» деп отыр мамандар. Себебі бұл газдан улануға әкелуі мүмкін. Ал газ иісі сезілсе, дереу «104» нөміріне хабарласу қажет. Мамандардың айтуынша, осы қарапайым ережелерді сақтау арқылы газдан улану мен қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады. Сонымен қатар, газды пайдалану және газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306-бабына сәйкес 7 АЕК көлемінде айыппұл салынары да құлағдар етілді.

Сондықтан қала әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды газ қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өйткені, қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау әр адамның өзі мен жақындарының амандығын сақтаудың ең тиімді жолы.

Жадыра МҮСІЛІМ, «Шымкент келбеті»