Бүгін Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында ауқымды алдын алу шаралары жүргізілді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бірлесе отырып, өрт қауіпсіздігі мен тұрмыстық газдан уланудың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып отыр.
Қала аумағындағы бес ауданның тұрғындарын қамтыған ақпараттық шараға 80-ге жуық ерікті жас қатысып, мамандармен бірге үйлерді аралап, қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар, халыққа арнайы әзірленген жадынамалар мен ақпараттық парақшалар таратылды.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары өрттің туындау себептері, газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану қағидалары және төтенше жағдай болған кезде қалай әрекет ету керектігі жөнінде кеңес берді. Олар әр шаңырақта қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау маңызды екенін атап өтті.
– Басты мақсатымыз - тұрғындардың қауіпсіздік дағдыларын нығайту, қатердің алдын алуға деген бейімділігін қалыптастыру болып отыр. Әрбір азамат өзінің және жақындарының өміріне жауапкершілікпен қарауға тиіс, – деді ұйымдастырушылар.
Іс-шара алдағы уақытта да жалғасын тауып, қала тұрғындарына қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстармен жалғасын табады.