Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр, өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза тапқан әулет мүшелерін жерлеу рәсімі өтті.
Аман қалған 2 ересек пен 1 бала аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, тұрақты.
Өрттен зардап шеккен үш науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Олардың 2-і ересек адам және 1-і бала. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Науқастардың ең үлкені – 61 жастағы әйел адам, ал екінші науқас – 39 жастағы ер адам. Зардап шеккен қыз бала – 7 жаста.
Қазірде ауруханада жедел медициналық желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілді. Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмек және психологиялық көмекпен қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, Алғабас ауылындағыжеке тұрғын үйден шыққан өрттен 12 адам қаза тапты. Үш адам эвакуацияланып, аудандық ауруханаға жеткізілді.