Шымкент қаласында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда. Барлық аудан аумағында көше бойын, аулаларды, саябақтарды, су арналарын тазалау жұмыстары ұдайы жүргізілуде.
Бұл туралы қала әкімдігінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Build Stroi» ЖШС қызметкерлері қаланың 4 ауданында тазалық жұмыстарын атқаруда. Оған 40 техника, 350 адам жұмылдырылған.
Атап айтқанда, мекеме тарапынан Темірлан тас жолы, Қошқар ата аумағы ретке келтірілді.
Сондай-ақ, «Атырау групп» ЖШС 3 техника және 16 қызметкерімен күнделікті су арналарын тазалау жұмыстарын жүргізуде.
«Қаланың бет-бейнесі - тазалықта. Қала тұрғындарын тазалыққа үлес қосуға, қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз» - делінген хабарламада.