Шымкент қаласында Абай, Қаратау,Еңбекші және және Әл-Фараби ауданының әкімдері аудан аумағындағы мониторинг топтардың атқарған жұмыстары бойынша баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Абай ауданы бойынша «Ашық» мобилді қосымшасына 206 нысан тіркелген. Аудандағы мобильдік топ 2021 жылдың 1-26 шілде аралығында 3 157 нысанға мониторинг жұмысын атқарып, карантин режимінің талаптарын бұзған 109 нысан анықталды. Оның ішінде 68 нысанға айыпұл салынған, 19-ы полиция басқармасының қаралуында. Жыл басынан бері 6 578 нысан тексеріліп, 519 нысанға айыппұл салынды.
Қаратау ауданы аумағында 2 базар мен 12 ірі сауда үйі және 121-ге жуық дәмхана, мейрамханалар мен адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарға, аялдамалар мен қоғамдық көліктергемониторинг жүргізілуде. Осы жылдың 1 шілдесінен бүгінге дейін 2 759 нысанға мониторинг жүргізілген. Оның ішінде карантин талаптарын бұзған 115 кәсіпкерлік нысан анықталып, 62 нысанға айыппұл салынған. Аудан бойынша «Ашық» бағдарламасына 77 нысан тіркелген. Бүгінде кәсіпкерлік нысандарға «Ашыққа» тіркелу үшін түсіндірме жұмысы жүргізіліп келеді.
Еңбекші ауданында да мобильдік топтардың саны 6-дан 10-ға көбейтілген. Жалпы ауданда 12 азық-түлік және азық түлік емес базарлар және 1мал базары, 45 ірі сауда орталығы, 160 қоғамдық тамақтану орны, 22 тойхана мен қабылдау үйлері, 680 ұсақ үй жанындағы дүкен, 36 монша мен сауна орталықтары орналасқан.
Мобильдік топтар13 ірі сауда үйлері менбазарларда, 3 487 нысанға мониторинг жүргізіп, карантин режимінің бұзылған 113 жағдайды анықтаған.Анықталған бұзушылықтар бойынша мобильдік топ тарапынан аудандық СЭҚБ-ға тиісті баяннаттар жолданды. Жыл басынан бері карантин режимін бұзған коммерциялық 490 нысанға хаттаматолтырылып, айыппұл салынды. «Ашық» бағдарламасы бойынша Еңбекші ауданы бойынша 179 нысанға QR код берілген.
Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданында құрылған мобильді топпен жүргізілген мониторинг нәтижесінде санитарлық-эпидемиялық және шектеу шараларын сақтамаған жалпы 416 жеке және заңды тұлғалар анықталып отыр. Оның ішінде, 5 заңды тұлға, 18 жеке кәсіпкер, 12 лауазымды тұлға және 388 жеке тұлғаға хаттама толтырылған.
Бүгінге дейін 4 763 нысанға (барлығы кәсіпкерлік) мониторинг жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде карантин режимінің талаптарын бұзған 172 кәсіпкерлік нысан анықталды.
Айта кетсек, барлық аудан аумағында 10 мобильдік топ құрылған.