Бүгін Шымкентте «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық жобаларға гранттар беру бойынша байқау басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 150 млн. тг қарастырылған. Жобаға жалпы саны 212 азамат өтінім берсе, 179 тұрғынның жобасы қабылданды. Бүгін 64 шымкенттіктің бизнес идеясы тыңдалды. Үздік деп танылған кәсіпкерлердің бизнес жобаларын іске асыруға 2 млн.- нан 5 млн.-ға дейін қаражат беріледі.
Жобаға өтінім білдірген үміткерлер: жеміс-жидектер өндірісі, кондитерлік өнімдер цехы, балалар ойын бөлмесі, ағаштан ойыншықтар шығару және автомектеп ашу сынды бірқатар бизнес жоспарларын ұсынған.
Мемлекет кәсіп ашып, өз ісімді дөңгелетемін деушілерді қолдауға қашан да әзір. Тек тың әрі қоғамның сұранысын өтетейтін бизнес жоспарыңыз бен ынта-ықыласыңыз болса болғаны.