​“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП”: ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАНДАР АҚЫЛ-КЕҢЕСІМЕН БӨЛІСТІ

​“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП”: ТӘЖІРИБЕЛІ МАМАНДАР АҚЫЛ-КЕҢЕСІМЕН БӨЛІСТІ

М. Әуезов атындағы ОҚУ-ның колледжінде “Заң мен тәртіп” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Абай ауданы прокуратурасының прокуроры Асқар Әбдірасымұлы Сатыбалды, Шымкент қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Талдау әзірлемелері басқармасының аға жедел уәкілі Жасұлан Ерланұлы Құттыбек және Тұран ауданы Полициясының майоры Минур Саятұлы Саятов қатысты.

Іс-шара барысында жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру, алаяқтық және құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша кеңестер беріліп, тәжірибелі мамандар нақты мысалдармен құқықтық жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндірді.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды.